Рсақ ішілік хламидиялық инфекция

Хламидиоздар-зоонозды,антропонозды табиғаттың инфекциясына жатады.ДДҰ бағалауы бойынша бұл инфекция жыныстық жолменде беріледі.Кездесу жиілігі бойынша урогенитальды хламидиоз трихомонадалық инфекциядан кейінгі 2 орынды алады.Ол зәр шығару жолындарының көп ошақты зақымдануын туғызады .Урогенитальды хламидиоздың қоздырғышы-Chlamydia trachomatis-қозғалмайтын грам теріс облигатты жасуша ішілік бактериялар.

Хламидиялар-прокариоттар тобына жататын микроорганизм,ұсақ грамтеріс коккты,2 нуклейнді қышқылдан тұрады:ДНҚ мен РНҚ.Олар ерекше даму сатысына ие,элементарлы және ретикулярлы денешіктер болады.

Элементарлы денешік- жоғарғы инфекционды қоздырғыш түрі,жасушадан тыс өмірге бейімделген,өзіндік өсуіне АТФті пайдаланады.4-6 сағаттан соң ретикулярлы денешік пайда болады.Ол- жасуша ішінде өсуге бейімделген түзіліс,метаболикалық белсенді,әлсіз инфекционды.Организмге түскеннен соң көбейеді.Хламидия бір уақытта екі түрлі даму сатысында да дамуы мүмкін.

Жүкті әйелдердің хламидиозы кейбір авторлардың айтуы бойынша 10нан-30-40% аралығында ауытқып отырады.Нәрестеге берілуі 40-70% жағдайда беріледі.

Жүкті әйелдерде хламидия болса ол плацентаны зақымдайды,иммундық кешенді туғызады.Ол плацентарлық жеткіліксіздік шақырады.Негізгі қауіп факторы болып белсенді жұқтырылу табылады.Клиникалық белгілерінің пайда болуы жедел хламиоамиониттің дамуымен көрінеді.Жұқтырылған жүкті әйелдерде патологиялық бөлінділер бөлінеді.Көбінесе үшінші триместрде яғни жүктіліктің 32аптасы.Бұл жедел инфекция көбінесе жүктіліктің бірінші жартысында құрсақ ішілік ұрықтың дамуына кедергі келтіреді,түсік,уақытынан ерте туылу болады.

Клиникасында құрсақ ішілік хламидиоз инфекциясының локальды (конъюктивит,қыздарда вульвовагинит, визикулез, омфалит, гастроэнтероколит,атипті пневмония) және генерализацияланған түрлері қабылданған.Бұл түрінде нәресте туылған соң алғашқы сағатында немесе алғашқы күнінде қайтыс болады.



Генерализацияланған хламидиялардық инфекцияларда менингоэнцефалит,кардиомиопатия,пневмания,тыныс алудың бұзылысы,гастроэнтерит,гепатит,лимфоаденит,кейде ДВС синдромымен асқынады.Инфекция жұқтырған нәрестенің белгілі бір мөлшерінде клиникалық көріністер неонатальдыкезеңде көрінбеуі мүмкін,әрі қарай дамуы бір жасқа дейін немесе одан кейін пайда болуы мүмкін.Инфекцияға диагноз ылғи дәл уақытында қойыла бермейді,осының әсерінен нәтижесіз терапия болады,екіншілік иммунодефицит және аутоиммунды аурулар пайда болады.


7427286672726942.html
7427363847433591.html
    PR.RU™