Санитариялық-техникалық жүйелерге қойылатын талаптар

Қоғамдық тамақтандыру кәсiпорнында орталықтандырылған су құбыры мен канализациясы болуы керек. Орталықтандырылған су құбырының торабы болмаған жағдайда суды артезиан скважинасынан немесе құдықтан алады. Судың сапасы “Iшер су” СанПиН құжатының талаптарына сәйкес келуi керек. Орталықтандырылған канализация жүйесi болмаған жағдайда өндiрiстiк ағынды суларды ағызу үшiн санитариялық қадағалау органдарының келiсiмiмен жергiлiктi канализация жүйесi рұқсат етiледi. Канализациялық құбырды сауда залының, өндiрiстiк цехтардың, қоймалардың төбесiнiң астынан көлденеңнен жүргiзуге рұқсат етiлмейдi. Жоғарыда орналасқан тұрғын қабаттардағы канализацияның тұрмыстық құбырлары (стояки) өндiрiстiк және қойма бөлмелерi арқылы өтпеуi керек. Өндiрiстiк, ыдыс жуатын, душ қабылдайтын бөлмелердiң едендерi енiстелiп орналасып, жерге аққан судың траптарға ағуын қамтамасыз етедi. Ыдыс жуатын астаулар мен қол жуғыштарға ыстық және салқын су құбырлары қосылуы керек. °жетхананың тамбурында еденнен 0,5 м биiктiкте бөлменi тазалауға су алу үшiн краны бар ыстық және салқын сулардың құбырын орналастыру керек.

Бөлмелердiң табиғи және жасанды жарықтануы нормативтi құжаттардың талабына сай болуы керек. Өндiрiстiк және қойма бөлмелерiнiң электр лампаларын шыны флафонмен және торлы арматурамен қаптайды. Олар лампа сынған уақытта азық-түлiкке ұсақ әйнектердiң түсуiн қорғайды. Белгiлi температуралық-ылғалды режимдi тұрақты ұстап тұру үшiн кәсiпорын жылыту жүйесiмен, үрмелi-сормалы желдету жүйесiмен немесе ауаны кондиционерлеу жүйесiмен қамтамасыз етiледi. Жылу және бу бөлiнетiн болса, жергiлiктi сору қондырғылары, ал iрi қоғамдық тамақтандыру кәсiпорнының кiре берiсiнде жылыту қондырғылары (тепловые завесы) орнатылады.



3. Сауда залы азықты сатуға дайындау бөлмелерi және қоймалармен байланысты болуы қажет. Бөлме ауданы мен жиынтығы- дүкеннің профилі мен жұмыс орнының санына қарай, ал өзіне-өзі қызмет көрсету дүкендерінде профилі, сауда залының ауданы, кассир жұмыс орындарының санына қарай жоспарланады.

Сауда залының биiктiгi ауданына байланысты 3,3-4,2 м, жертөле мен цоколüдi қабаттың биiктiгi-2,7 м, тоңазытқыш камераларының биiктiгi 2,4 метрден кем болмауы керек. Сауда залын жоспарлағанда сатушылар жұмысына ыңғайлы, азықтардың санитариялық ережелерге сай, тауар көршілігі принципін қадағалайтындай болуы тиіс. Мысалы: сатушының жолындағы қабырғалық сөре мен прилавканың арасы 0,9м, ал ет бөлімінде 1,2м кем болмау керек.

Сауда залында аздаған ассортименттері бар кафетерий орналастыруға болады.

Азық-түлік қабылдайтын жүк түсіру-тиеу алаңы ескеріліп, сонда өлшеніп, іріктеліп, қойма бөлмелеріне таратылады, сондықтан қоймаға жақын орналасады.

Тоңазытқыш камерасы мен қоймалар саны мен ауданы дүкеннің профилі, жұмыс орнының санына байланысты. Тоңазытқыш камерасы жеке блокта орналастырылып, тамбур қарастырылуы тиіс, сондай-ақ ауданы 5 кв.м. кем болмауға рұқсат етеді. Дүкенде тек фреонды тоңазытқыш қондырғыларын қолдануға болады.

Билет


7425520522743971.html
7425578376373349.html
    PR.RU™